Жаңалық 20 тамыз 2026
«Қайрат» – «Андерлехт» матчы алдында алаң күйі айтылды

Фото: static01.nyt.com
«Қайраттың» бас маманы Виктор Яроменко Еуропа лигасы плей-офф кезеңіндегі «Андерлехтке» қарсы матч алдында Орталық стадион газонының жағдайы туралы айтты.
20 тамызда өтетін матчқа дейін Алматыдағы стадионда Канье Уэсттің концерті өткен. Бұл алаңға әсер еткені анық.
«Алаң концертке дейін алты тәулікке жуық жабық тұрды. Астындағы температура 70°C-тан асып кетті. Дегенмен газон жалпы қанағаттанарлық күйде. Қазір алаң сәл сарғайған, бірақ ертең Еуропа лигасының плей-офф матчын өткізуге мүмкіндік береді», — деді Яроменко.
Тағы оқыңыз
Алматы стадионының алаңы концерттен кейін «сынақтан өтті» — «Қайрат» мамандары
Маманның айтуынша, концерттен кейін алаң дереу ашылып, күтім жасалған. Матч 20 тамызда өтеді.
Тағы оқыңыз
Дереккөздер: www.sports.kz


