Боэли «Челсидегі» 12,8% үлесін сатуды талқылап жатыр
Қазіргі таңда «Челсидің» 61,5 пайыз үлесі «Клирлейк Кэпиталда» шоғырланған. Компанияны Бехдад Эгбали мен Хосе Фелисиано басқарады. Ал Боэли, Уолтер және Ханьсйорг Уисс клубтың 12,8 пайыздан үлесіне ие.
Боэли төрт жыл бұрын «Челсиді» 2,5 миллиард фунтқа сатып алған консорциумның бетке ұстары болды. Қазір клуб стадион мәселесін шешіп жатыр: «Стэмфорд Бридждегі» баспанасын сақтап қалу немесе «Ёрлз Корт» ауданына көшу нұсқалары қаралуда.
«Ұзақ мерзімді перспективада не істегіміз келетінін ойлауымыз керек. Алдымызда стадионды дамыту жөнінде үлкен мүмкіндік тұр, оны толық пысықтауымыз қажет. Дәл осы тұста біз не бір пікірге келеміз, не жолымыз айырылады», — деді Боэли.
Клубтың бапкерлер тарихында да өзгерістер аз болмады. 2024 жылдың мамырында Энцо Мареска Маурисио Почеттиноның орнына бас бапкер қызметіне келіп, «Челсимен» бірге Конференциялар лигасы мен Клубтар арасындағы әлем чемпионатын жеңіп алды. Дегенмен Мареска 2026 жылдың басында клубтан кетті, ал «Челси» 2025-2026 маусымын еуропалық турнирлерге жолдамасыз, кестенің 10-орнында аяқтады.
2026 жылдың жазында клубқа Хаби Алонсо бас бапкер болып тағайындалды. Оның тұсында «Челси» 12 жаңа ойыншыға 280 миллион фунттан астам қаражат жұмсады.


