Трансфер 4 тамыз 2026
«Реал Мадрид» Диоманденің трансферін «Лейпцигпен» талқылап жатыр
Испанияның «Реал Мадрид» клубы 19 жастағы шеткі шабуылшы Ян Диоманденің ауысуы жөнінде неміс «РБ Лейпциг» клубымен белсенді келіссөз жүргізіп жатыр.
Кот-д'Ивуар құрамасының ойыншысы Диоманденің медициналық тексеруден өтуін «Реал» талап етіп отыр. Ойыншы жұқпалы аурумен ауырғанын айтып, «Лейпцигпен» бірге Австрияға сапар шекпеген.
Бірақ «Лейпцигтің» бас директоры Марсель Шефер кеше клубтар арасында келісім жоқ екенін мәлімдеді.
Тағы оқыңыз
125 миллион еуроға сатып алынған Диоманде «Реалда» бар-жоғы 83 минут ойнады
«Клубтар арасында келісім жоқ», — деді Шефер.
Бір апта бұрын тараған ақпаратта тараптар келісімге келді делінген еді. «Лейпциг» Диоманде үшін 100 миллион фунттан асатын баға сұрап отыр.
Тағы оқыңыз
Дереккөздер: www.skysports.com


