Жаңалық 20 тамыз 2026
«Арсенал» «Ювентус» шабуылшысына 100 миллион еуро ұсынуға дайын
Лондондық «Арсенал» «Ювентус» пен Түркия құрамасының шабуылшысы Кенан Йылдызға ұсыныс жасауды қарастырып отыр.
21 жастағы ойыншы өткен маусымда «Ювентус» сапында барлық турнирде 47 кездесу өткізіп, 11 гол соғып, 10 нәтижелі пас берген. Transfermarkt деректері бойынша, Йылдыздың құны 75 миллион еуро деп бағаланған.
Йылдыз «Ювентусқа» 2022 жылы «Бавария» академиясынан еркін агент ретінде ауысқан. Ақпан айында ол туриндік клубпен келісімшартын 2030 жылға дейін ұзартты.
Тағы оқыңыз
«Юве» 100 миллион еуроға да сатпайтынын айтқанына қарамастан, «Арсенал» Йылдызды қалап отыр
Алдын ала ақпаратқа сәйкес, «Арсенал» шабуылшы үшін 100 миллион еуро ұсынуға дайын. Алайда бұл — әзірге болжам: лондондық клубтың ресми өтінімі мен «Ювентустің» жауабы туралы дерек жоқ.
Бұған дейін «Арсеналдың» мадридтік «Атлетикодан» Хулиан Альваресті сатып алуды қарастырғаны айтылған.
Тағы оқыңыз
Дереккөздер: kaz.vesti.kz


