Жаңалық 10 тамыз 2026
«Ювентус» Йылдызды сатудан бас тартты
Итальяндық «Ювентус» 21 жастағы жартылай қорғаушысы Кенан Йылдызды лондондық «Арсеналға» сатпайтынын мәлімдеп, футболшыны «қолсұғылмайтын» деп жариялады.
«Арсенал» түрік ойыншысына қызығушылығын алғаш 2026 жылдың маусымында білдірген болатын. Кейін лондондық клуб Йылдызға деген ниетін қайта жандандырды.
Йылдыз шеткі шабуылшы және шабуылшы жартылай қорғаушы позицияларында ойнай алады, әрі Түркия құрамасының ойыншысы. Оның трансферінің құны 100 миллион еуродан асады деп бағаланған.
Тағы оқыңыз
«Арсенал» «Ювентус» шабуылшысына 100 миллион еуро ұсынуға дайын
«Арсенал» түрік футболшысын Винисиус Жуниорға балама ретінде қарастырған. Дегенмен бразилиялық шабуылшы «Реал Мадридпен» алты жылдық жаңа келісімшартқа қол қойды — бұған дейін ол «Арсенал» өкілдерімен келіссөз жүргізген еді.
Тағы оқыңыз
Дереккөздер: www.sports.kz


