БАПКЕР.KZ
Футбол. Қазақша.
Telegram
← Басты бет
Жаңалық 19 тамыз 2026

Покатилов «Сабах» сапында Чемпиондар лигасы іріктеуінің шешуші кезеңінде алаңға шығады

Фото: sports.kz
Қазақстандық қақпашы Стас Покатилов әзірбайжандық «Сабах» сапында Чемпиондар лигасы іріктеуінің плей-офф кезеңіндегі алғашқы матчта старттық құрамда алаңға шығады.

«Сабах» бұл кезеңге дейін жолдама үшін өткен кездесулерде даниялық «Орхус» клубын тізе бүктірді. Бірінші матчта қонақта 1:2 есебімен ұтылып қалған әзірбайжандықтар жауап кездесуде 4:0 есебімен жеңіске жетіп, жалпы есепте 5:2-мен келесі кезеңге өтті.

«Сабахтың» қарсыласы — израильдік «Хапоэль» (Беэр-Шева). Израильдіктер алдыңғы кезеңде белградтық «Црвена Звездаға» екі матчта да есе жіберген жоқ — 1:0 және 2:0.

Тағы оқыңыз
«Асығыс баға берудің қажеті жоқ» — әзербайжандық журналист Покатиловты қорғады

Командалардың алғашқы кездесуі 20 тамызға қараған түні Бухарестте өтеді. Жауап матч 25 тамызда Бакуде ойналады.

Тағы оқыңыз

Покатилов: «Ертегіміз жалғасып жатыр» — «Сабах» Чемпиондар лигасының негізгі кезеңіне шықт
Стас Покатилов Чемпиондар лигасы іріктеуінде сайыпқа алдын ала шақырылды
Покатилов үш еуропалық кубоктың да топ кезеңінде ойнаған тұңғыш қазақстандық футболшы атан
БӨЛІСУ:WhatsAppTelegram
Видео, рилстер және матч шолулары — осында:
TelegramInstagram
Дереккөздер: www.sports.kz