Жаңалық 26 тамыз 2026
Покатилов: «Ертегіміз жалғасып жатыр» — «Сабах» Чемпиондар лигасының негізгі кезеңіне шықты

Фото: Sportarena.kz (TG)
Қазақстан құрамасының қақпашысы әрі әзербайжандық «Сабах» клубының капитаны Стас Покатилов клубының тарихи жетістігіне қуанышын жасырмады.
«Сабах» Чемпиондар лигасы іріктеу кезеңінің плей-офф сатысындағы жауап матчында «Хапоэльді» (Беэр-Шева) қосымша уақытта 5:2 есебімен жеңіп, тарихында тұңғыш рет турнирдің негізгі кезеңіне жолдама алды. Екі кездесудің қорытындысы бойынша есеп — 6:4.
«Ертегіміз жалғасып жатыр», — деді Покатилов осы жеңістен кейін.
Тағы оқыңыз
Капитан таспасымен шыққан Покатиловтың «Сабахы» бес жеңістен тұратын серия жасады
Сонымен қатар қақпашы Қазақстан құрамасының Ұлттар лигасындағы кездесулерге арналған кеңейтілген құрамына енгізілді.
Тағы оқыңыз
Дереккөздер: amanvibe.kz


