Жаңалық 19 тамыз 2026
«Милан» Нкункуны сатуға дайын, оған «Дортмунд» пен «Ньюкасл» қызығушылық танытты

Фото: i.pinimg.com
«Милан» сапындағы франциялық шабуылшы Кристофер Нкунку трансферге шығарылды. Ойыншыға неміс «Боруссия Дортмунд», ағылшын «Ньюкасл Юнайтед» және «РБ Лейпциг» клубтары қызығушылық танытып отыр.
Нкунку «Миланға» 37 миллион еуроға ауысқан болатын. Бұл клубта ол 35 матчта 8 гол соғып, 3 нәтижелі пас берді.
Дегенмен футболшы «Милан» бас бапкері Рубен Аморимнің жоспарында жоқ. «Боруссия Дортмунд» ойыншы туралы сұрау салыпты. «Ньюкасл Юнайтед» «елеулі нұсқа» ретінде аталса, Нкунку бұрын ойнаған «РБ Лейпциг» те ықтимал бағыттардың бірі.
Франция құрамасының ойыншысы бұған дейін «РБ Лейпцигте» және «Челсиде» ойнаған. Түркия немесе Сауд Арабиясы клубтарына ауысу нұсқасын Нкунку қарастырмайды.
Тағы оқыңыз
Дереккөздер: sports.yahoo.com


