Жаңалық 15 тамыз 2026
«Милан» Рафаэл Леауды 40 миллион еуроға сатуға дайын

Фото: sports.kz
Итальяндық «Милан» 27 жастағы португалиялық шеткі шабуылшы Рафаэл Леауды жазғы трансфер терезесінде сатуға дайын екенін мәлімдеді. Клубтың бас бапкері Рубен Аморим ойыншының кетуіне келісім берді.
Аморимнің жоспарында Леауды пайдалану қарастырылмаған, сол себепті бапкер оның сатылуын мақұлдаған. «Милан» футболшы үшін сұралатын соманы шамамен 40 миллион еуроға дейін төмендетті.
Ойыншыны сатып алуға негізгі үміткерлердің бірі ретінде түрік клубы «Галатасарай» аталып отыр.
Өткен маусымда Леау 31 матчта 10 гол соғып үлгерген.
Тағы оқыңыз
Дереккөздер: www.sports.kz


