БАПКЕР.KZ
Футбол. Қазақша.
Telegram
← Басты бет
Жаңалық 19 тамыз 2026

«Андерлехт» тарихындағы ең алыс сапар: Брюссельден Алматыға 5200 шақырым

Еуропа лигасының іріктеу кезеңіндегі плей-офф раундының бірінші матчында алматылық «Қайрат» 20 тамызда өз алаңында бельгиялық «Андерлехтті» қабылдайды. Бұл кездесу бельгиялық клуб үшін еврокубоктар тарихындағы ең алыс сапарға айналды.

Брюссельден Алматыға дейінгі қашықтық шамамен 5200 шақырымды құрайды, ал ұшу уақыты — 9 сағаттай. «Андерлехт» бапкері Витор Бруну бұл сапардың қиындығын жасырмады.

«Бұл өте алыс сапар, бірақ амал жоқ, бұл матчтан қашып құтыла алмаймыз. Оның бейсенбіде-ақ өтетініне қуаныштымыз, ал ертең ойнауға мүмкіндік болса, одан да жақсы болар еді», — деді ол.

Бапкердің айтуынша, команда уақыт белдеуіндегі айырмашылықты еңсеруге дайындалып жатыр. «Ұшудың әсерін азайту үшін шаралар қолданамыз және мүмкіндігінше жақсы футбол көрсету үшін барлық стратегияны пайдаланамыз», — деді Бруну.

Команда ойыншысы Лео Петро болса сапардан жасқанбайтындарын жеткізді: «Біз бұл матчты ойнағымыз келеді, ешкім мұндай сапарға шағымданбайды. Барлығы асыға күтіп отыр. Біз Еуропада ойнағымыз және Еуропа лигасына шыққымыз келеді».

«Қайрат» жағында да жаңалықтар бар. Жоржиньо тізе байламының жыртылуына байланысты «Андерлехтке» қарсы ойнай алмайды. Ал шабуыл шебінде «Легия», «Жирона» және «Сарагоса» сынды клубтарда ойнаған тәжірибелі Марк Гуаль өнер көрсетеді.

Қақпаны 22 жастағы Темірлан Анарбеков қорғайды. Ол «Селтикке» қарсы ойындағы 11 метрлік добы сериясында үш соққыны қайтарып тастаған болатын. Жалпы «Қайрат» жеті матч бойы жеңіліс көрген жоқ, олардың алтауында жеңіске жетті. Соңғы жеңілісі 28 мамырда, қонақта «Ордабасыдан» 1:2 есебімен ұтылғанда болған еді.

«Андерлехт» жағында да жаңалық бар: дүйсенбіде клубқа ресми түрде тіркелген Мартен Винклер осы матчтың өтінімінде бар. Ал бельгиялық клубтың шамамен 15 жанкүйері өз бетінше Алматыға аттанғаны белгілі.

Еске салайық, биыл жазда «Қайраттың» түлегі Дастан Сәтпаев 2,5 миллион еуроға лондондық «Челсиге» ауысқан болатын.

Тағы оқыңыз

«Андерлехт» «Қайратпен» матчқа 5200 шақырым жол жүреді — бұл клуб тарихындағы ең ұзақ сапа
Тарихи сапар: «Андерлехт» Алматыға жету үшін 9 сағат жол жүреді
«Қайрат» — «Андерлехт» жұбына төрешілер тағайындалды
БӨЛІСУ:WhatsAppTelegram
Сәтпаев, Қайрат және әлем футболы — күн сайын арналарымызда:
TelegramInstagram
Дереккөздер: www.sports.kz