Жаңалық 18 тамыз 2026
Жұмашев жарақаттан кейін «Тобыл» жаттығуларына оралды

Фото: fctobol.kz
Қостанайлық «Тобыл» клубының жартылай қорғаушысы Жаслан Жұмашев жарақаттан кейін команда құрамында толыққанды жаттыға бастады.
Ағымдағы маусымда Жұмашев ҚПЛ-да 13 матч өткізіп, 5 гол соққан. Осы көрсеткіштерімен ойыншы Қазақстан құрамасына үміткер ретінде қарастырылып отыр.
Еске сала кетейік, «Тобыл» жуырда жартылай қорғаушы Ислам Чесноковты Ресей премьер-лигасының «Крылья Советов» клубына жіберген еді. Жұмашевтің жаттығуға оралуы командаға осы шығынның орнын толтыруға көмектесе алады.
Тағы оқыңыз
Дереккөздер: www.sports.kz


