БАПКЕР.KZ
Футбол. Қазақша.
Telegram
← Басты бет
Жаңалық 9 қыркүйек 2026

Тимбер жазғы жарақаттан кейін «Арсеналдың» сапарлық құрамына оралды

Фото: cdn1.arsenalinsider.com
Лондондық «Арсенал» Италияда «Наполиге» қарсы өтетін Чемпиондар лигасы матчына аттанатын құрамын жариялады. Тізімде жазғы жарақаттан жазылған Юрриен Тимбер бар.

Тимбер сейсенбіде толық көлемде жаттыға бастады. Соған сай, ол жазғы жарақаттан кейін алғаш рет команда құрамында сапарға шықты. Қорғаушының «Арсенал» үшін соңғы ойыны өткен маусымда болған.

Ал Уильям Салиба мен Кристиан Москвера сапарлық құрамға енбей қалды. Сонымен қатар бапкерлер штабы жас ойыншылар Макс Дауман мен Марли Салмонды сапарлық тізімге қосты.

Тағы оқыңыз
Салибаның жарақаты «Арсеналды» жаңа қорғаушы іздеуге мәжбүр етті

Еске сала кетейік, Чемпиондар лигасында матч күнгі құрам 23 футболшыдан тұрады, ал Премьер-лигада бұл көрсеткіш 20 ойыншы.

Тағы оқыңыз

Салибаның жарақаты «Арсеналды» жаңа қорғаушы іздеуге мәжбүр етті
Жұмашев жарақаттан кейін «Тобыл» жаттығуларына оралды
«Қайратқа» ауысады деген қауесеттен кейін Шина «Елимайға» оралды
БӨЛІСУ:WhatsAppTelegram
Сәтпаев, Қайрат және әлем футболы — күн сайын арналарымызда:
TelegramInstagram
Дереккөздер: sports.yahoo.com