Жаңалық 18 тамыз 2026
Гордон: Барселонаның стилі маған бұрыннан ұнайды
«Барселонаның» жаңа шеткі шабуылшысы Энтони Гордон 61-ші Жоан Гампер кубогы аясында «Әл-Ахлиге» қарсы кездесу қарсаңында клуб медиасына сұхбат берді.
25 жастағы ойыншы «Ньюкаслден» ауысып, бас бапкер Ханси Флик жетекшілік ететін команда сапына қосылды. Онымен бірге жазда легионер ретінде Карим Адейеми де келді.
«Барсаның» футболшысы ретіндегі алғашқы аптам керемет өтті. Жаңа қала, жаңа ел, жаңа әріптестер, жаңа штаб... бірақ бұл — ерекше тәжірибе. Бәрі мені жылы қарсы алды», — деді Гордон.
Тағы оқыңыз
Деко: «Барселона» Рашфордтың орнына неге Гордонды таңдағанын түсіндірді
«Мен бапкердің философиясымен бұрыннан таныс едім, сол себепті осында келгім келді — маған осындай ойын стилі ұнайды», — деп қосты ол.
Шабуылшы стадионды көруге, «Барса» формасын киіп, жанкүйерлермен бірге болуға асығып отырғанын жеткізді. «Гол соғып, матчта жеңіске жетуге үміттімін», — деді Гордон.
Тағы оқыңыз
Дереккөздер: sports.yahoo.com


