Жаңалық 4 қыркүйек 2026
Гордон Барселонада каталон тілін үйрене бастады

Фото: static.independent.co.uk
Ағылшын құрамасының шеткі шабуылшысы Энтони Гордон 70 миллион еуроға «Барселонаға» ауысқаннан кейін клуб ортасына бейімделу үшін испан және каталон тілдерін үйрене бастады.
Гордонның трансфері соңғы жылдардағы «Барселонаның» ең ірі сатып алуларының бірі болды. Ағылшын легионерін клуб жанкүйерлері «Камп Ноудағы» баннерлерде де бейнеледі.
Тағы оқыңыз
Деко: «Барселона» Рашфордтың орнына неге Гордонды таңдағанын түсіндірді
Шеткі шабуылшы жаңа ортаға тез сіңісіп кету мақсатында испан тілін жетілдіріп жүр, сонымен қатар каталон тіліне де қызығушылық танытып, оны үйрене бастады.
Тағы оқыңыз
Дереккөздер: sports.yahoo.com


