БАПКЕР.KZ
Футбол. Қазақша.
Telegram
← Басты бет
Жаңалық 15 тамыз 2026

Сәтпаев «Бёрнлиде» Флеммингпен орын таласады — The Standard бағалауы

«Челсиден» жалға алынған 18 жастағы қазақстандық шабуылшы Дастан Сәтпаевтың «Бёрнлидегі» болашағын британдық The Standard басылымы бағалады.

Сәтпаев ағылшын клубына «Челсиден» жалдау шартымен қосылды. Ол бұған дейін «Қайрат» сапында өнер көрсетіп, 58 матчта 26 гол соғып үлгерген. Сондай-ақ жас шабуылшының Чемпиондар лигасының негізгі кезеңінде ойнаған тәжірибесі бар.

«Бұл маусымда Сәтпаев «Бёрнлидің» шабуыл сызығында Зиан Флеммингпен бәсекелеседі. Оның әмбебаптығы қанатта немесе 3-4-2-1 схемасындағы «ондық» позициясының бірінде ойнауға мүмкіндік береді», — деп жазды The Standard басылымының шолушысы Оли Джент.

Тағы оқыңыз
Олд Траффордта гонконгтық блогер Сәтпаевпен суретке түсті

Оның айтуынша, дәл осы схеманы бапкер Ники Хайен Ағылшын лигасы кубогының бірінші айналымында «Ноттс Каунтиге» қарсы кездесуде қолданған. Сол матчта «Бёрнли» 11 метрлік доптар сериясында жеңіске жеткен. Ол кездесуде Флеммингтің қос қапталында Маркус Эдвардс пен Аарон Рэмзи бастапқы құрамда шыққан, ал екінші таймда оларды Майк Трезор мен Зеки Амдуни алмастырған. «Бёрнли» жеңіс әкелетін гол іздегенімен, оны соға алмаған.

«Бёрнли» қазір Чемпионшипте өнер көрсетеді.

Тағы оқыңыз

Сәтпаев «Челсидің» «Джохорға» қарсы матчында қосалқы құрамда қалды
Сәтпаев «Челсидің» жолдастық матчында тағы да ойын уақытын алды
Сәтпаев қосылған «Челсиде» трансфер белсенділігі жалғасуда
Дастан Сәтпаев: барлық жаңалықтар мен статистика →
БӨЛІСУ:WhatsAppTelegram
Видео, рилстер және матч шолулары — осында:
TelegramInstagram
Дереккөздер: www.sports.kz