Матч 15 тамыз 2026
«Қайрат» — «Ұлытау» кездесуі 32 градус ыстықта, көрермендерсіз өтеді
Премьер-лиганың 9-турында алматылық «Қайрат» «Ұлытау» командасымен кездеседі. Матч Алматыдағы Т. С. Сегізбаев атындағы академия стадионында сағат 18:00-де басталады.
Ауа температурасы +32 градусты көрсетіп тұр. Кездесу көрермендерсіз өтеді.
Матчты астаналық төреші Саят Қарабаев басқарады.
Ойынды Kinopoisk сервисінен және KFF League YouTube-арнасынан тікелей көруге болады.
Тағы оқыңыз
Дереккөздер: t.me


