Жаңалық 13 тамыз 2026
«Қайрат» — «Ұлытау» кездесуі жабық режимде өтеді
Қазақстан премьер-лигасының 9-турында алматылық «Қайрат» «Ұлытаумен» кездеседі. Матч 15 тамызда сағат 18:00-де басталады.
Кездесу Орталық стадионда өтуі тиіс еді, алайда концерттен кейінгі демонтаж жұмыстарына байланысты алаң ауыстырылды. Матч Т. С. Сегізбаев атындағы «Қайрат» ФК академиясының стадионында өткізіледі.
Бұл алаңда трибуна сыйымдылығы аз әрі инфрақұрылымдық шектеулер болғандықтан, кездесу көрермендерсіз, жабық режимде өтеді.
Матчты ҚФФ Лигасының YouTube арнасынан тікелей көруге болады.
Тағы оқыңыз
Дереккөздер: t.me


