Жаңалық 15 тамыз 2026
Евтеев: «Ұлытау» ешкімге ұпай сыйламайды, «Қайратқа» да оңай болмайды

Фото: sports.kz
Қазақстан құрамасының бұрынғы ойыншысы Павел Евтеев ҚПЛ-ның 9-турындағы «Қайрат» пен «Ұлытау» кездесуіне болжам жасады. Кездесу 15 тамызда Алматыда, сағат 18:00-де өтеді.
Бастапқыда басқа мерзімге белгіленген бұл матч кейінге қалдырылған болатын.
Евтеевтің пікірінше, кездесудің фавориті кім екеніне күмән жоқ.
«Әрине, бұл матчтың фавориті — «Қайрат». Бірақ ағымдағы маусымда «Ұлытау» ешкімге жай-ақ ұпай таратып жүрген жоқ. Жезқазған клубының соңғы матчтары онша сәтті шықпаса да, ол қолданыстағы чемпионға қарсы табанды күреседі деп ойлаймын. Жалпы, тартысты әрі кернеулі матч болады деп күтемін», — деді Евтеев.
Еске салайық, «Қайрат» — Қазақстанның қолданыстағы чемпионы.
Тағы оқыңыз
Дереккөздер: www.sports.kz


