БАПКЕР.KZ
Футбол. Қазақша.
Telegram
← Басты бет
Жаңалық 15 тамыз 2026

Евтеев: «Ұлытау» ешкімге ұпай сыйламайды, «Қайратқа» да оңай болмайды

Фото: sports.kz
Қазақстан құрамасының бұрынғы ойыншысы Павел Евтеев ҚПЛ-ның 9-турындағы «Қайрат» пен «Ұлытау» кездесуіне болжам жасады. Кездесу 15 тамызда Алматыда, сағат 18:00-де өтеді.

Бастапқыда басқа мерзімге белгіленген бұл матч кейінге қалдырылған болатын.

Евтеевтің пікірінше, кездесудің фавориті кім екеніне күмән жоқ.

«Әрине, бұл матчтың фавориті — «Қайрат». Бірақ ағымдағы маусымда «Ұлытау» ешкімге жай-ақ ұпай таратып жүрген жоқ. Жезқазған клубының соңғы матчтары онша сәтті шықпаса да, ол қолданыстағы чемпионға қарсы табанды күреседі деп ойлаймын. Жалпы, тартысты әрі кернеулі матч болады деп күтемін», — деді Евтеев.

Еске салайық, «Қайрат» — Қазақстанның қолданыстағы чемпионы.

Тағы оқыңыз

Румын БАҚ-ы: «Қайратқа» сапар «Краиова» үшін оңай болмайды
Евтюев: «Андерлехтті еңсеру «Қайратқа» оңай болмайды»
Шадиев: Сатпаевқа «Челси» сапында орын алу оңай болмайды
БӨЛІСУ:WhatsAppTelegram
Видео, рилстер және матч шолулары — осында:
TelegramInstagram
Дереккөздер: www.sports.kz