Жаңалық 14 тамыз 2026
«Ордабасы» президенті Дархан Қызайбаев Олимпиада қозғалысына сіңірген еңбегі үшін марапатталды
Шымкенттік «Ордабасы» клубының президенті Дархан Қызайбаев Қазақстан Ұлттық олимпиада комитетінде өткен салтанатты жиында «Қазақстан Республикасының Олимпиада қозғалысына еңбегі сіңген қайраткері» атты құрмет белгісінің І дәрежесімен марапатталды.
Марапаттау рәсімі Спорт күніне орай ұйымдастырылды. Қызайбаевқа құрмет белгісін Қазақстан Ұлттық олимпиада комитетінің бас хатшысы Алимжан Ақаев табыс етті.
Белгі елдегі спорт пен олимпиада қозғалысын дамытуға қосқан үлесі үшін берілді.
Тағы оқыңыз
Дереккөздер: amanvibe.kz


