Жаңалық 13 тамыз 2026
«Қайрат» — «Ұлытау» кездесуі жабық режимде өтеді
Қазақстан премьер-лигасының 9-турында «Қайрат» пен «Ұлытау» арасындағы кездесу 15 тамызда сағат 18:00-де Тимур Сегізбаев атындағы «Қайрат» академиясының стадионында өтеді.
Матч бастапқыда «Қайраттың» орталық стадионында өтуі жоспарланған еді, алайда концерттен кейінгі демонтаж жұмыстары әлі жалғасып жатқандықтан, кездесу орны ауыстырылды.
Академия стадионы трибунасының сыйымдылығы шектеулі болғандықтан, матч жабық режимде, көрермендерсіз өтеді.
Кездесуді Kinopoisk қосымшасынан және KFF League ресми YouTube арнасынан тікелей эфирде тамашалауға болады.
Тағы оқыңыз
Дереккөздер: amanvibe.kz


