Жаңалық 13 тамыз 2026
«Партизан» скауты: «Тоболды» бағаламау қателікке ұрындырады
Белградтық «Партизан» клубының скауты Горан Тробок Еуропа конференциялар лигасының үшінші іріктеу кезеңіндегі жауап матч алдында қостанайлық «Тобылға» қатысты ескерту жасады.
Кездесу 13 тамызда Қостанайда өтеді. Бірінші матч Белградта «Партизан» стадионында өткен болатын. Есеп 0:0 болып тұрған сәтте қазақстандық клуб соққан гол VAR талдауынан кейін есепке алынбады.
«Ең жоғары деңгейде дайындалу қажет. «Тобылды» бағаламауға болмайды, өйткені ол біздің стадионда да белгілі бір сәттерде сапалы ойын көрсетіп, өз мүмкіндіктерін жасады», — деді Тробок.
Оның айтуынша, қарсылас — физикалық тұрғыдан төзімді және берік команда.
«Егер жігіттер матчқа жауапкершілікпен қарап, бапкерлер штабы қойған талаптарды алаңда орындаса, келесі кезеңге өтетінімізге сенемін», — деді скаут.
Тағы оқыңыз
Дереккөздер: www.sports.kz


