БАПКЕР.KZ
Футбол. Қазақша.
Telegram
← Басты бет
Жаңалық 13 тамыз 2026

Илич: «Партизан» ойыншыларының бойында үлкен қорқыныш болды

УЕФА Конференциялар лигасы үшінші іріктеу кезеңінің жауап матчында белградтық «Партизан» қостанайлық «Тобылды» 2:1 есебімен жеңді. Бас бапкер Саша Илич кездесуден кейін пікір білдірді.

«Бүгінгі басты мәселеміз — ойыншылардың бойында үлкен қорқыныш болды. Мұны түсінуге болады, атмосфера жайсыз еді, бірақ... Біз — «Партизанбыз» және өзімізге мұны кешіре алмаймыз. Бізде көп сәт болды, ақыры жеңдік — бәрі жақсы аяқталды. Екі ойыншымыз сары карточка алғандықтан, ауыстыру жасадық. Ойынға кірген ойыншылар қарқын берді, екінші таймда бұл әлдеқайда жақсы көрінді», — деді Илич.

Тағы оқыңыз
Илич: Тобылға қарсы сапар оңай болмайды

Бірінші матчта «Тобыл» «Партизаннан» 0:3 есебімен жеңілген болатын. Осылайша қостанайлық клуб еуропалық турнирлердегі жолын аяқтады.

Тағы оқыңыз

Илич: Угрешич пен Алексич «Тоболға» қарсы кездесуге қатыспайды
Илич: Тобылға қарсы сапар оңай болмайды
«Ақтөбе» — «Оқжетпес» матчының төрешілері белгілі болды
БӨЛІСУ:WhatsAppTelegram
Қазақ футболының бас жаңалықтары бірінші бізде. Қосылыңыз:
TelegramInstagram
Дереккөздер: www.sports.kz