БАПКЕР.KZ
Футбол. Қазақша.
Telegram
← Басты бет
Жаңалық 13 тамыз 2026

Костич: «Тоболға» қарсы жауап кездесуі оңай болмайды

Фото: sports.kz
УЕФА Конференциялар лигасы іріктеу кезеңінің үшінші айналымында костанайлық «Тобол» мен белградтық «Партизан» арасындағы жауап кездесуі 13 тамызда Қостанайда өтеді. Бастапқы матчта «Партизан» 3:0 есебімен басым түсті.

Кездесу Қазақстан уақытымен сағат 20:00-де басталады. «Партизанның» жартылай қорғаушысы Богдан Костич жауап матчының жеңіл болмайтынын алдын ала ескертті.

«Әлі ештеңе шешілген жоқ. Алдымызда ұзақ жол және өз алаңында жақсы ойнайтын «Тобол» сияқты сапалы команда қарсы шығатын өте ауыр сапар бар. Бізде демалуға және қарсыласты жете бағаламауға хақымыз жоқ. Тек осы ойын туралы ойлап, оны оң нәтижемен аяқтауымыз керек», — деді Костич.

Оның айтуынша, бірінші матчтағы жеңіс командаға жауап кездесуіне сабырлы дайындалуға мүмкіндік берген, бірақ бұл алдын ала жеңіс кепілі емес.

«Ол жеңіс бізге жауап матчына салқынқандылықпен келуге мүмкіндік берді, бірақ әлі ештеңе шешілген жоқ. Белградта қалай ойнасақ, сапарда да сондай ойын көрсетуіміз керек», — деді ол.

«Тобол» — «Партизан» жұбының жеңімпазы Конференциялар лигасы іріктеуінің плей-офф кезеңінде испандық «Хетафемен» кездеседі.

Тағы оқыңыз

Илич: Тобылға қарсы сапар оңай болмайды
«Қайрат» Левскиге қарсы жауап кездесу алдында «Түркістан Арена» стадионында жаттықты
Илич: Угрешич пен Алексич «Тоболға» қарсы кездесуге қатыспайды
БӨЛІСУ:WhatsAppTelegram
Қазақ футболының бас жаңалықтары бірінші бізде. Қосылыңыз:
TelegramInstagram
Дереккөздер: www.sports.kz