Жаңалық 11 тамыз 2026
Илич: Угрешич пен Алексич «Тоболға» қарсы кездесуге қатыспайды

Фото: Biser Todorov / Wikimedia Commons (CC BY 4.0)
«Партизан» бас бапкері Саша Илич командасының Еуропа конференциялар лигасының үшінші іріктеу кезеңіндегі жауап матчына екі ойыншысыз шығатынын мәлімдеді.
Қостанайда 2026 жылдың 13 тамызында өтетін «Тобол» — «Партизан» кездесуіне Огнен Угрешич пен Милан Алексич қатыса алмайды.
«Угрешичтің сан бұлшықетінде жарақат бар, оған біраз демалыс қажет. Ол ем қабылдап жатыр, жақын арада сапқа қосылады деп үміттенемін. Алексичке келсек, ол соңғы екі-үш аптада сіңір ауруынан қиналып жүр, сондықтан оны жеке жаттықтырушының қарамағында дербес жаттығуда қалдырған дұрыс деп шештік — келесі матчтарға дайын болу үшін», — деді Илич.
Тағы оқыңыз
Илич: «Партизан» ойыншыларының бойында үлкен қорқыныш болды
Іріктеу кезеңінің жеңімпазы Еуропа конференциялар лигасының плей-офф сатысында ойынын жалғастырады.
Тағы оқыңыз
Дереккөздер: www.sports.kz


