Әлем футболы 13 тамыз 2026
Болат Сариев УЕФА Конференциялар лигасының матчын басқарады
Қазақстандық Болат Сариев УЕФА Конференциялар лигасы іріктеу кезеңінің үшінші раундындағы Скопье қаласындағы кездесуге бас төреші болып тағайындалды.
13 тамызда Қазақстан уақыты бойынша сағат 23:00-де Скопье қаласындағы «Тоше Проески» стадионында солтүстікмакедониялық «Шкендия» мен шотландиялық «Хиберниан» командаларының қайтарма кездесуі өтеді.
Сариевке көмекші төрешілер ретінде Сергей Васютин мен Денис Лабашов тағайындалды. Матчтың төртінші төрешісі — Данил Горда, ал VAR жүйесін Айдын Тасыбаев басқарады. VAR көмекшісі болып венгриялық Тамаш Богар белгіленді.
Еске сала кетейік, Шотландияда өткен бірінші кездесуде «Хиберниан» 2:1 есебімен жеңіске жеткен.
Тағы оқыңыз
Дереккөздер: t.me


