БАПКЕР.KZ
Футбол. Қазақша.
Telegram
← Басты бет
Жаңалық 13 тамыз 2026

Әліп: Ашық жаттығу командаға күш пен сенімділік береді

Фото: sports.kz
Санкт-Петербургте өткен «Зенит» клубының ашық жаттығуы мен жазғы фестивалі туралы қазақстандық қорғаушы Нұралы Әліп өз әсерімен бөлісті.

Александрин театры мен Екатерина II ескерткіші аралығындағы алаңда өткен іс-шараға бірнеше мың петербурглық пен қала қонағы келді. Богдан Москвичев, Игорь Дивеев және Кевин Андраде сынды ойыншыларға арнайы микрофон тағылса, қақпада бас бапкер Анатолий Тимощук ойнады.

«Бұл эмоцияға толы жаттығу ма? Жоқ, «Зенит» жыл сайын жанкүйерлер үшін осындай іс-шара өткізеді. Барлығы жиналуға қолайлы болсын деп, оны қала орталығында ұйымдастырады. Мұндай іс-шара команда мен жанкүйерді жақындастырады. Мен мұның тек пайдасын көріп отырмын. Клубтың жанкүйерге жақындай түскені керемет. Бұл күш пен сенімділік береді», — деді Әліп.

Тағы оқыңыз
Әліп Ресей премьер-лигасының 8-турында негізгі құрамда шықты

«Таңертеңгі жаттығудан кейін көңіл-күй жақсы болды. Осында келіп, жанкүйерлерді көрдік, бұл қосымша қуаныш сыйлады», — деп қосты ол.

Қазіргі таңда «Зенит» Ресей чемпионатының кестесінде 6 ұпаймен екінші орында тұр. Клубтың кезекті кездесуі 16 тамызда өз алаңында мәскеулік «Динамоға» қарсы өтеді.

Тағы оқыңыз

Нұралы Әліп «Зенит» құрамында алаңға шықты, бірақ команда жеңіліп қалды
Әліп «Зенит» құрамында сол жақ қорғаушы болып ойнады
Нұралы Әліп Ресей кубогының кезекті матчында бастапқы құрамнан орын алды
Нұралы Әлип: барлық жаңалықтар мен статистика →
БӨЛІСУ:WhatsAppTelegram
Видео, рилстер және матч шолулары — осында:
TelegramInstagram
Дереккөздер: www.sports.kz