БАПКЕР.KZ
Футбол. Қазақша.
Telegram
← Басты бет
Жаңалық 12 тамыз 2026

Ван 'т Шкип: Құрама есігі жоғары деңгейде ойнаған әрбір футболшыға ашық

Қазақстан құрамасының бас бапкері Джон ван 'т Шкип Чемпиондар лигасының үшінші іріктеу кезеңіндегі «Қайрат» — «Левски» кездесуіне келіп, ұлттық команданы қалыптастыру ұстанымын айтты.

«Қазіргі таңда басты басымдық — матчтарды көру және құраманың әлеуетті үміткерлерін зерттеу», — деді ван 'т Шкип.

Оның айтуынша, Ұлттар лигасының алдағы матчтарында Қазақстан құрамасы топта жоғары орындарға таласуы тиіс. «Ұлттар лигасының тығыз кестесі футболшылардан ең жоғары функционалдық дайындықты талап етеді», — деп атап өтті бапкер.

Тағы оқыңыз
Сәтпаев «Бернлиде» дебют жасады, Ван'т Шкип онымен сөйлесті

Нидерланд маманы: «Ұлттық құраманың есігі жоғары деңгейде ойнай алатын барлық футболшыға ашық», — деді.

2024 жылдың жазынан бері Қазақстан құрамасын басқарып келе жатқан ван 'т Шкип соңғы кезде «Жетісу» — «Ордабасы», «Астана» — «Оқжетпес» кездесулерінде болды. Бапкер жақын арада «Тобыл» мен «Партизан» арасындағы матчты да көруді жоспарлап отыр.

Тағы оқыңыз

Ван 'т Шкип құрама сапын жасақтау үшін ҚПЛ-ның екі матчына барады
Ван 'т Шкип бас бапкер ретінде «Астана» — «Оқжетпес» кездесуін бақылады
Сәтпаевпен Ван Схип FaceTime арқылы сөйлесті: бапкер құрама құрамын қашан жариялайтынын ай
БӨЛІСУ:WhatsAppTelegram
Голды өткізіп алмаңыз — жедел жаңалықтар мен видео арналарымызда:
TelegramInstagram
Дереккөздер: amanvibe.kz