БАПКЕР.KZ
Футбол. Қазақша.
Telegram
← Басты бет
Жаңалық 12 тамыз 2026

Сәтпаев 18 жасқа толды — «Челсиге» трансфер жолы ашылды

Фото: kff_team
Қазақстандық шабуылшы Дастан Сәтпаев 12 тамызда 18 жасқа толды. Бұл оның «Қайраттан» «Челсиге» ауысуын ресми түрде аяқтауға мүмкіндік береді.

«Қайрат» пен «Челси» арасындағы келісім бұған дейін жасалған болатын, алайда ФИФА кәмелетке толмаған ойыншылардың халықаралық трансферіне тыйым салады. Осы себепті ауысу кейінге қалдырылған еді.

Жаз бойы Сәтпаев Хаби Алонсо басшылық ететін «Челсидің» дайындық жиынына қатысты. «Вестерн Сидней Уондерерске» қарсы жолдастық кездесуде ол негізгі құрамда алаңға шығып, 6-минутта гол соқты. Бұл — Хаби Алонсо дәуіріндегі «Челсидің» алғашқы голы. Кездесу 6:4 есебімен лондондықтардың жеңісімен аяқталды.

Тағы оқыңыз
Олд Траффордта гонконгтық блогер Сәтпаевпен суретке түсті

«Челси» 15 тамызда «Стэмфорд Бриджде» «Реал Сосьедадты» қабылдайды, ал Англия премьер-лигасындағы жаңа маусымды 24 тамызда «Фулхэмге» қарсы сапарлық матчпен бастайды.

Тағы оқыңыз

Сәтпаев қосылған «Челсиде» трансфер белсенділігі жалғасуда
Сәтпаев «Челсидің» «Джохорға» қарсы матчында қосалқы құрамда қалды
Сәтпаев «Челсидің» жолдастық матчында тағы да ойын уақытын алды
Дастан Сәтпаев: барлық жаңалықтар мен статистика →
БӨЛІСУ:WhatsAppTelegram
Қазақ футболының бас жаңалықтары бірінші бізде. Қосылыңыз:
TelegramInstagram
Дереккөздер: amanvibe.kz