Жаңалық 12 тамыз 2026
«Ордабасы» жаңа логотип үшін жанкүйерлерді дауыс беруге шақырады

Фото: ФК Жеңіс (ресми TG)
Шымкенттік «Ордабасы» бүгін сағат 22:00-де ресми Instagram және TikTok парақшаларында тікелей эфир өткізеді. Оның барысында клуб жаңа логотиптің нұсқаларын ұсынып, жанкүйерлер арасында дауыс беру ұйымдастырады.
«Ордабасы» – ең алдымен Шымкенттің командасы, ал оның тарихы мен болашағы клубты жылдар бойы қолдап келе жатқан жанкүйерлерімен тығыз байланысты», — делінген клуб хабарламасында.
«Біз үшін бұл жай ғана дауыс беру емес, клубтың жаңа кезеңіне бірге қадам басу», — деп қосты клуб өкілдері.
Тікелей эфирде ұсынылатын нұсқалардың қайсысы таңдалатыны жанкүйерлердің дауысына байланысты болады.
Тағы оқыңыз
Дереккөздер: t.me


