БАПКЕР.KZ
Футбол. Қазақша.
Telegram
← Басты бет
Жаңалық 12 тамыз 2026

Гай Килама «Университатя Крайовамен» жақындасты

Шымкенттік «Ордабасының» 27 жастағы қорғаушысы Гай Килама румыниялық «Университатя Крайоваға» ауысу мәселесін талқылап жатыр.

Камерундық футболшымен румын клубы келіссөз бастаған. Килама «Ордабасымен» 2026 жылдың желтоқсанына дейін келісімшарт жасасқан.

Ағымдағы маусымда қорғаушы барлық турнирлерде 24 матч ойнап, 3 гол соғып, 1 нәтижелі пас берген. Transfermarkt дерекқорына сәйкес, оның нарықтық құны — 1 миллион еуро.

Тағы оқыңыз
«Ордабасы» румын клубының назарындағы Киламаны 2028 жылға дейін ұстап қалды

Килама «Ордабасыға» түрік клубы «Хатайспордан» ауысқан болатын.

Тағы оқыңыз

«Ордабасы» Киламаны сатпайтын болды
«Ордабасы» румын клубының назарындағы Киламаны 2028 жылға дейін ұстап қалды
«Ақтөбе» — «Оқжетпес» матчының төрешілері белгілі болды
БӨЛІСУ:WhatsAppTelegram
Қазақ футболының бас жаңалықтары бірінші бізде. Қосылыңыз:
TelegramInstagram
Дереккөздер: www.sports.kz