Трансфер 14 тамыз 2026
«Ордабасы» румын клубының назарындағы Киламаны 2028 жылға дейін ұстап қалды

Фото: ФК Ордабасы (ресми TG)
Шымкенттік «Ордабасы» камерундық қорғаушы Гай-Марселин Киламамен келісімшартын 2028 жылдың соңына дейін ұзартты.
27 жастағы қорғаушы «Ордабасы» сапына 2024 жылдың ақпан айының соңында қосылған болатын. Осы уақыт ішінде ол клуб үшін 24 матч өткізіп, 3 гол соғып, 1 нәтижелі пас берді.
Ойыншыға румыниялық «Университатя Крайова» қызығушылық танытқаны белгілі болды. Дегенмен «Ордабасы» қорғаушысымен ұзақ мерзімді келісімге қол қойып үлгерді.
Тағы оқыңыз
«Ордабасы» Киламаны сатпайтын болды
Осылайша камерундық ойыншы шымкенттік клубта тағы бірнеше маусым өнер көрсетпек.
Тағы оқыңыз
Дереккөздер: t.me


