БАПКЕР.KZ
Футбол. Қазақша.
Telegram
← Басты бет
Жаңалық 11 тамыз 2026

Сәтпаев: «Страсбур» жалдау мәселесінде көш бастап тұр — Scout in Eurasia

Фото: sports.kz
Қазақстан құрамасының және «Челсидің» шабуылшысы Дастан Сәтпаевтың жалдауға берілу мәселесінде француз клубы «Страсбур» көш бастап тұр. Бұл туралы Scout in Eurasia инсайдерлік ресурсы хабарлады.

«Өкінішке қарай, «Халл Ситидің» Сәтпаевқа қызығушылығы шындыққа жанаспайды. Қазіргі уақытта жалдау мәселесінде француз «Страсбуры» көш бастап тұр», — делінген Scout in Eurasia хабарламасында.

Бұрын Сәтпаевтың ағылшын клубы «Халл Ситиге» ауысуы мүмкін деген ақпарат тараған еді, бірақ дереккөз бұл мәліметті жоққа шығарды.

Тағы оқыңыз
Олд Траффордта гонконгтық блогер Сәтпаевпен суретке түсті

Сәтпаев «Челсимен» бірге Аустралия мен Азияға сапар шегіп, дайындық кездесулерінде тұңғыш голын соқты. Оның «Челсимен» келісімшарты ресми түрде 2026 жылдың 12 тамызында, ойыншыға 18 жас толған күні күшіне енеді.

Тағы оқыңыз

Сәтпаев «Челсиден» жалдау шартымен «Бернлиге» ауысты — құны 350 мың еуро
Сәтпаев туралы Журавлев: «Бернлиге» жалдау — тамаша нұсқа
Сәтпаев «Челсидің» «Джохорға» қарсы матчында қосалқы құрамда қалды
Дастан Сәтпаев: барлық жаңалықтар мен статистика →
БӨЛІСУ:WhatsAppTelegram
Қазақ футболының бас жаңалықтары бірінші бізде. Қосылыңыз:
TelegramInstagram
Дереккөздер: www.sports.kz