Жаңалық 11 тамыз 2026
Сәтпаев BBC-нің АПЛ-дағы үздік жас ойыншылар тізіміне енді
Британдық BBC 2026/27 маусымы алдында ағылшын премьер-лигасының перспективалы жас ойыншылары тізімін жариялады. Тізімге қазақстандық шабуылшы, 17 жастағы Дастан Сәтпаев енгізілді.
BBC бағалауынша, Сәтпаев «Челсидің» негізгі құрамында орын алуға ең үлкен мүмкіндігі бар жас футболшы. BBC оны бас бапкер Хаби Алонсоның командасында тұрақты орын алуға ең жақын үміткер деп атады.
Сәтпаев «Челсиге» алғашқы голын австралиялық «Вестерн Сидней Уондерерске» қарсы жолдастық кездесуде соққан. Сонымен қатар ол Чемпиондар лигасында да ойнады.
Тағы оқыңыз
Олд Траффордта гонконгтық блогер Сәтпаевпен суретке түсті
Жас шабуылшы Қазақстан құрамасы сапында тоғыз матч өткізуге үлгерді. Сәтпаевтың «Челсимен» келісімшарты ол 18 жасқа толғаннан кейін күшіне енген. Ойыншы жаз алдындағы дайындық кездесулерінде де «Челси» сапында гол соққан.
Тағы оқыңыз
Дереккөздер: amanvibe.kz


