Жаңалық 2 қыркүйек 2026
Сәтпаев «Челсидің» жазғы трансферлер тізіміне енді

Фото: sports.kz
Лондондық «Челси» Instagram парақшасында жарияланған жазғы жалдау тізіміне қазақстандық Дастан Сәтпаевты да қосты.
Сәтпаев 2026 жылдың жазында алматылық «Қайраттан» «Челсиге» ауысты. 14 тамызда ол лондондық клубпен 2033 жылға дейінгі ұзақ мерзімді келісімшартқа қол қойды. Дәл сол күні футболшы бір жылға «Барнлиге» жалға берілді.
Сәтпаевқа 12 тамызда 18 жас толған, ал келісімшартқа қол қою осыдан екі күн өткен соң жүзеге асты. Ол «Барнли» құрамында Чемпионшип турнирінде дебют жасап, жоғары баға алды.
Тағы оқыңыз
Олд Траффордта гонконгтық блогер Сәтпаевпен суретке түсті
«Челсидің» жазғы жалдау тізіміне сондай-ақ Валентин Барко, Джовани Кенда, Сэмюэл Оморджон, Джордан Хендерсон, Максанс Лакруа, Ламин Камара, Морган Роджерс және Аарон Ансельмино кірген.
Тағы оқыңыз
Дереккөздер: www.sports.kz


