Жаңалық 11 тамыз 2026
«Ахмат» пен «Факел» жеңімпаз анықтамады

Фото: Анна Мейер / ФК «Зенит» / Wikimedia Commons (CC BY-SA 3.0)
Ресей премьер-лигасының 3-турында грозныйлық «Ахмат» қонақта воронежлік «Факелмен» 0:0 есебімен тең түсті.
Максим Самородов «Ахмат» құрамында 90 минут бойы алаңда болды. Ал Ғалымжан Кенжебек команда құрамына енгенімен, ойынға шықпай, қосалқы ойыншылар орындығында отырды.
Бұл нәтижеден кейін «Ахмат» үш турдан соң 2 ұпаймен турнир кестесінің 13-орнында тұр. Ал «Факел» маусымдағы алғашқы ұпайын жинап, соңғы орыннан 15-орынға көтерілді.
Тағы оқыңыз
Наумов: Самородовтың «Спартакқа» ауыспауы апат болған жоқ
Матч Воронеждегі «Факел» стадионында өтті.
Тағы оқыңыз
Дереккөздер: amanvibe.kz


