Жаңалық 10 тамыз 2026
«Левски» Түркістанға сапары туралы бейне жариялады — «Қайратпен» қайта кездеседі
Болгарияның «Левски» клубы Чемпиондар лигасының іріктеу кезеңіндегі жауап кездесуі қарсаңында Түркістанға сапарын бейнеге түсіріп, жариялады.
📹 Бейнені көру
Алғашқы кездесуде «Левски» өз алаңында «Қайратты» 1:0 есебімен жеңген болатын. Жалғыз голды португалиялық жартылай қорғаушы Сержиньо соққан.
Жауап кездесуі 11 тамызда «Түркістан Арена» стадионында сағат 20:00-де басталады.
Баспасөз қызметі жариялаған бейнеде «Левски» құрамының Болгариядан Қазақстанға ұшуы және Түркістанға келуі көрсетілген. «Түркістанға жол сапарымыз», — делінген бейне сипаттамасында.
Екі команданың жеңімпазы Чемпиондар лигасының плей-офф кезеңінде Грекияның АЕК клубымен беттеседі.
Тағы оқыңыз
Дереккөздер: www.sports.kz


