Жаңалық 10 тамыз 2026
Кенжебеков ойнайтын «Ахмат» «Факелмен» кездеседі
Ресей премьер-лигасының 3-турында қазақстандық Ғалымжан Кенжебеков ойнайтын грозныйлық «Ахмат» воронежьдік «Факелмен» кездеседі. Матч 2026 жылғы 10 тамызда Қазақстан уақытымен 21:30-да басталады.
«Факел» соңғы кездесулерде сәтсіздікке ұшырап келеді: лигада махачкалалық «Динамодан» 1:2, краснодарлық «Краснодардан» 2:3 есебімен ұтылды, ал Ресей кубогында мәскеулік «Динамодан» 0:1 жеңілді.
«Ахмат» та оң нәтиже көрсете алмай тұр: лигада мәскеулік «Локомотивпен» 1:1 тең түсіп, «Спартактан» 1:2 ұтылды. Ресей кубогында «Краснодармен» негізгі уақытта 1:1 тең ойнаған грозныйлықтар 11 метрлік айып добы сериясында 4:5 есебімен жеңілді.
Тағы оқыңыз
Агент: Самородовтың құны бір жылда бес есе өсуі таңғаларлық
«Ахмат» құрамындағы Максим Самородов 2026/2027 маусымында бір гол соққан. Ал Кенжебеков осы маусымда әзірге гол мен нәтижелі пас көрсеткішін ашқан жоқ.
Тағы оқыңыз
Дереккөздер: www.sports.kz


