Жаңалық 13 қыркүйек 2026
Самородов пен Кенжебек «Ахмат» құрамында «Динамо Махачкалаға» қарсы шығады

Фото: s-cdn.sportbox.ru
Ресей премьер-лигасының 8-турында грозныйлық «Ахмат» өз алаңында махачкалалық «Динамоны» қабылдайды. Қазақстандық Максим Самородов пен Ғалымжан Кенжебек «Ахмат» құрамында алаңға шығады.
Матч 13 қыркүйекте, жексенбіде, «Ахмат Арена» стадионында өтеді. Трансляция Қазақстан уақытымен 16:30-да басталады.
7 турдан кейін «Ахмат» 7 ұпай, ал «Динамо Махачкала» 12 ұпай жинады. «Ахмат» соңғы матчында қонақта «Рубин Казаньмен» 1:1 тең түссе, «Динамо Махачкала» өз алаңында «Родина Москваны» 2:0 есебімен жеңді. Екі команданың мамыр айындағы соңғы кездесуі де 1:1 тең аяқталған болатын.
Тағы оқыңыз
Самородов екі гол сәтіне қатысып, «Ахмат» матчының үздігі атанды
«Ахмат» сапындағы шабуылшы Самородов ағымдағы маусымда 8 матч өткізіп, 1 гол соқты. Жартылай қорғаушы Кенжебек 5 матчта гол да, нәтижелі пас та жазбады.
Тағы оқыңыз
Дереккөздер: www.sports.kz


