Жаңалық 10 тамыз 2026
Байбек: Жарақат жоқ, ертеңгі матчқа жүз пайыз дайынбыз
«Қайраттың» жартылай қорғаушысы Олжас Байбек Чемпиондар лигасы іріктеу кезеңінде «Левскиге» қарсы өтетін жауап кездесуі алдында команданың жағдайы туралы айтты.
Кездесу 11 тамызда Түркістанда өтеді. Софиядағы алғашқы матчта «Левски» 1:0 есебімен жеңіске жетті. Жалғыз голды қосымша уақытта, 90+2-минутта, Сержинью соқты.
«Қазір жағдай жақсы, ешқандай жарақат жоқ. Ойынға жүз пайыз дайынбыз. Барлығы ертеңгі матчқа қарқынды дайындалды», — деді Байбек.
Еске салайық, алғашқы кездесуде жеңіліп қалған «Қайрат» жауап матчта есепті теңестіруге тырысады.
Тағы оқыңыз
Дереккөздер: www.sports.kz


