Масудов: «Қызылжар» ойыншысының бүгінгі матчта ойнауға құқығы жоқ еді
Бапкердің айтуынша, Нойок бұған дейін «Атырау» — «Ақтөбе» кездесуінде ойнаған, сол себепті «Алтайға» қарсы матчта ойнауға құқығы болмауы мүмкін.
«Қазір мынадай ақпарат бар: олардың ойыншысы Нойок, меніңше, 21-турда «Атырау» — «Ақтөбе» матчында ойнаған, сондықтан бүгінгі ойында ойнауға құқығы жоқ еді. Бұл ақпарат әлі тексеріледі, сосын не болатынын көреміз», — деді Масудов.
Бапкер матчтың өзі туралы да пікір білдірді. «Ауыр әрі күрделі кездесу болды. Қазір барлық команда күресіп жатыр. Бізде сәтсіз серия болды. Дегенмен айыппұл добынан гол жіберіп алса да, балалар ойынның бағытын өзгертуге күш тапты. Өкінішке қарай, тағы да екінші таймның соңы сәл шашыраңқы шықты», — деді ол жанкүйерлерге алғыс айтып.
Матч нәтижесінен кейін «Қызылжар» 23 ұпаймен кестенің 8-орнында, «Алтай» 17 ұпаймен 16-орында тұр. Нойоктың мәртебесі жөніндегі ақпарат тексерілгеннен кейін «Қызылжарға» техникалық жеңіліс есептелетін-есептелмейтіні белгілі болады.


