Бабаян: Мұндай матчта ұтылу тек өзімізге ғана байланысты
«Жақсы матч болды, көп сәт жасалды, бірақ реализация — мәселе. Бірінші таймда көп мүмкіндік жасадық, дегенмен ырғақ мүлдем ұнамады», — деді Бабаян баспасөз мәслихатында.
Бапкердің айтуынша, оның есебі бойынша команда 20 соққы жасаған, оның 6-7-і жүз пайыздық сәт болған. «Біз әлдеқайда жылдам ойнауымыз керек еді, кеңістік бар еді. Доппен жұмыс кезінде артық тиюлер көп болды», — деп қосты ол.
Бабаян командасының артық еркінсігеніне назар аудартты: «Мұндай матчта бізді ешкім ұта алмайды, тек өзіміз дұрыс аяқтамасақ, өзімізден ұтыламыз. Мұндай кездесулерді ертерек шешуіміз керек».
«Ең бастысы — біз бұл матчты 2:1 есебімен ұттық», — деп түйіндеді бапкер.
Бұл жеңістен кейін «Астана» 38 ұпаймен турнир кестесінде үшінші орында тұр. «Оқжетпес» 33 ұпаймен төртінші орында келеді.


