БАПКЕР.KZ
Футбол. Қазақша.
Telegram
← Басты бет
Жаңалық 9 тамыз 2026

«Манчестер Сити» Сеулда «Атлетико Мадридпен» жолдама кездесу өткізеді

9 тамызда, жексенбіде, Оңтүстік Кореяның Сеул қаласында «Манчестер Сити» испандық «Атлетико Мадридпен» жолдама кездесуде бетпе-бет келеді. Матчтың тікелей эфирі Қазақстан уақыты бойынша сағат 16:00-де басталады.

Бапкер Энцо Мареска басшылық ететін «Манчестер Сити» дайындық кезеңінде «Интермен» 1:1 есебімен тең түсіп, 11 метрлік айып добы сериясында 1:3 есебімен ұтылды. Сонымен қатар корейлік К-Лиганың жұлдызды құрамасын 3:1 есебімен жеңді.

«Атлетико Мадрид» өз кезегінде «Хетафені» 4:1 есебімен ұтып, «Манчестер Юнайтедтен» 1:2 есебімен жеңіліс тапты.

Еске салайық, екі клубтың соңғы жолдама кездесуі 2023 жылдың шілдесінде өткен, онда «Атлетико Мадрид» 2:1 есебімен жеңіске жеткен.

Тағы оқыңыз

«Манчестер Сити» Родри үшін «Барселонаның» алғашқы ұсынысынан бас тартты
«Депортиво» мен «Реал Мадрид» жолдастық кездесу өткізеді
Хусанов 90 минут алаңда болды, «Манчестер Сити» Суперкубокта ұтылды
БӨЛІСУ:WhatsAppTelegram
Видео, рилстер және матч шолулары — осында:
TelegramInstagram
Дереккөздер: www.sports.kz