Жаңалық 12 тамыз 2026
«Депортиво» мен «Реал Мадрид» жолдастық кездесу өткізеді
12–13 тамызға қараған түні Испанияның Ла-Корунья қаласында «Депортиво» мен «Реал Мадрид» арасында жолдастық матч өтеді. Кездесу Қазақстан уақыты бойынша 00:00-де басталады.
Жозе Моуринью бапкерлік ететін «Реал Мадрид» дайындық кезеңінде үш матч өткізді: «Леганесті» (4:1) және «Ференцварошты» (2:1) жеңді, «Фиорентинамен» 2:2 есебімен тең түсті.
«Депортиво» алты жолдастық ойында бірде-бір рет жеңіліске ұшыраған жоқ: «Компостела» (4:0), «Луго» (1:0) және «Дженоаны» (1:0) жеңіп, «Овьедомен» (0:0), «Санкт-Паулимен» (2:2) және «Фиорентинамен» (1:1) тең ойнады.
Еске салайық, тараптардың соңғы ресми кездесуі 2018 жылы Ла Лигада өткен, сол матчта «Реал» 7:1 есебімен басым түскен.
Тағы оқыңыз
Дереккөздер: www.sports.kz


