Матч 8 тамыз 2026
Сәтпаев қосалқы құрам орындығында отырды: «Челси» Индонезия Суперкубогын жеңіп алды
Джакартада өткен маусым алдындағы турнирде лондондық «Челси» «Милан» клубын 3:0 есебімен ұтты. Қазақстандық шабуылшы Дастан Сәтпаев бұл кездесуде қосалқы құрам орындығында отырды.
8 тамызда Индонезия Суперкубогы аясында өткен матчта «Челси» есепті екі мәрте өз атына жазған Жоау Феликс пен гол соққан Мойзес Каиседоның арқасында сенімді жеңіске жетті. Кездесуден кейін ағылшын клубы турнир кубогын қолға алды.
Тағы оқыңыз
Олд Траффордта гонконгтық блогер Сәтпаевпен суретке түсті
17 жастағы Сәтпаев бұл матчта алаңға шықпады. Дегенмен ол «Челсидің» алдыңғы үш маусым алдындағы кездесуінде ойнап, бір гол соғып үлгерген еді.
Тағы оқыңыз
Дереккөздер: t.me


