БАПКЕР.KZ
Футбол. Қазақша.
Telegram
← Басты бет
Жаңалық 7 тамыз 2026

Ван 'т Схип Қазақстан чемпионатымен танысуды бастайды

Қазақстан құрамасының жаңа бас бапкері Джон ван 'т Схип ҚПЛ чемпионатының 21-турындағы «Жетісу» — «Ордабасы» кездесуіне қатысады.

62 жастағы нидерландтық маман бұрын «Аякс», «Твенте», «Зволле», «Гвадалахара», «Мельбурн Сити» клубтарын, сондай-ақ Греция мен Армения құрамаларын жаттықтырған.

Журналист Эльдар Аманбаевтың айтуынша, ван 'т Схип Талдықорғанда өтетін кездесуге Скот Маннмен бірге барады. «Жаңа бапкер ҚПЛ-мен танысуды бастайды. Менің ақпаратым бойынша, нидерландтық маман Скот Маннмен бірге «Жетісу» — «Ордабасы» матчына барады. Кездесу ертең Талдықорғанда өтеді, сағат 18:00-де басталады. Ван 'т Схип үшін бұл — құрамаға тағайындалғаннан кейінгі Қазақстан чемпионатындағы алғашқы сапары», — деді Аманбаев.

Тағы оқыңыз
Сәтпаев «Бернлиде» дебют жасады, Ван'т Шкип онымен сөйлесті

Бапкердің ресми тағайындалуы федерацияның Атқару комитетімен келісілгеннен кейін жарияланады.

Тағы оқыңыз

Ван’т Схип басшылығымен: Қазақстан құрамасы Ұлттар лигасына Астанада жиналады
Қазақстан құрамасын голландиялық бапкер басқарады
Ван 'т Схип құрамаға ойыншы іздеп, тағы бір КПЛ матчына барады
БӨЛІСУ:WhatsAppTelegram
Видео, рилстер және матч шолулары — осында:
TelegramInstagram
Дереккөздер: www.sports.kz