Жаңалық 19 қыркүйек 2026
Ван 'т Схип Қазақстан құрамасымен алғашқы жаттығуын өткізді

Фото: sports.kz
Қазақстан құрамасының жаңа бас бапкері, нидерландтық маман Джон ван 'т Схип «Астана Арена» стадионында жаңа жасақпен тұңғыш жаттығуын өткізді.
Ван 'т Схип басшылығымен құрама УЕФА Ұлттар лигасының 2026/2027 маусымындағы кездесулерге дайындалып жүр.
Тағы оқыңыз
Ван 'т Схип: Каримовтың әдемі голы болмаса, жеңіліс ауыр тиер еді
Жақын арада Қазақстан құрамасы төрт матч өткізеді: екеуі — қонақта, екеуі — өз алаңында. 26 қыркүйекте Фарер аралдарына сапар шегеді, ал 29 қыркүйекте Словакиямен беттеседі. Одан кейін 2 қазанда Молдованы қабылдайды, ал 6 қазанда Фарер аралдарымен қайтарма кездесу өткізеді.
Тағы оқыңыз
Дереккөздер: www.sports.kz


