Жаңалық 7 тамыз 2026
Сәтпаев ресми мәртебе алар алдында «Челси» құрамын қысқартуға мәжбүр
Дастан Сәтпаев 12 тамызда кәмелетке толып, лондондық «Челсидің» толыққанды ойыншысы атанады. Дәл осы кезде клуб ФИФА мен ФИФПРО талаптарына сай құрамын қысқартуы қажет.
Қазіргі таңда «Челсидің» негізгі құрамында 41 футболшы тіркелген. Ережеге сай, маусымға тіркелетін ойыншылар саны шектеулі болғандықтан, клуб трансфер терезесі жабылғанға дейін, яғни шамамен 25 күн ішінде, 16-ға жуық футболшымен қоштасуға тиіс.
Тағы оқыңыз
Сәтпаев бен «Бернли» «Норвичпен» шешуші айқасқа шығады
Бас бапкер Хаби Алонсо жетекшілік ететін топта қазір Сәтпаев те дайындық жиынына қатысып жүр. Клуб жетекшілігі бапкердің негізгі жоспарына кірмейтін ойыншылар бойынша сату немесе жалға беру арқылы шешім қабылдауы керек.
Тағы оқыңыз
Дереккөздер: www.sports.kz


