Матч 7 тамыз 2026
Анарбековтың 11 метрліктегі сейвін УЕФА Чемпиондар лигасы бөлек атап өтті
Алматылық «Қайрат» киприоттық «Омонияға» қарсы кездесуде 11 метрлік доп сериясында жеңіп, УЕФА Чемпиондар лигасының үшінші іріктеу кезеңіне жолдама алды. Жеңістің басты кейіпкері — қақпашы Темірлан Анарбеков.
Екінші іріктеу кезеңіндегі кездесуде негізгі және қосымша уақытта жеңімпаз анықталмай, іс 11 метрлік айып добы сериясына ұласты. Дәл осы сериядағы шешуші сейв Анарбековтың есімін тағы бір мәрте көпшілікке таныта түсті.
УЕФА Чемпиондар лигасының ресми парақшасы қазақстандық қақпашының осы сейвін бөлек жариялап, назарға алды.
Тағы оқыңыз
Walfoot.be: Анарбековтің қатесі «Қайраттың» жеңілуіне себеп болды
Анарбековтың доп қағып қалуының арқасында «Қайрат» серияда жеңіске жетіп, турнирдің үшінші іріктеу кезеңіне өтті.
Тағы оқыңыз
Дереккөздер: t.me


