Жаңалық 6 тамыз 2026
Жылыой ауданында Атырау футбол орталығының филиалы ашылды
Жылыой ауданында Атырау футбол орталығының жаңа филиалы жұмыс істей бастады. Ашылу салтанатында тараптар арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.
Жас спортшыларға футбол орталығы тарапынан естелік сыйлықтар табыс етілді.
Филиалға 2014 жылы және одан кейін туған балалар қабылданады. Оларды Атырау футбол орталығында арнайы даярлықтан өткен жергілікті бапкерлер жаттықтырады.
Тағы оқыңыз
Дереккөздер: t.me


